2018 жылы 200-ден астам қазақстандық турфирманың алаяқтық іс-әрекеттерінен зардап шекті

0

Атап айтқанда, 2017 жылы турфирмалар тарапынан алаяқтық іс-әрекеттердің 4 жағдайы тіркелген. Оннан астам адам 16 млн. теңгеден астам зиянмен жалғыз-турфирмалардың заңсыз іс-әрекетінен зардап шекті.

Мысалы, 23 жасар кәсіпкер 2017 жылғы сәуірде Instagram арқылы турларды сатуды ұйымдастырып, алдау жолымен және сенімді теріс пайдаланып төрт жәбірленушіге Доминикан Республикасына және Біріккен Араб Әмірлігіне төмен бағамен жалпы 4,4 млн. теңге сомасына турларды уәде еткен.

Сол жылдың тамызында туристік жолдамаларды ұсынып, 10 млн. теңгені алдау жолымен иемденген Астанадағы туристік компания басышысын қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы полицияға өтініш келіп түсті.

Сәл кейінірек, қазанда астаналық турфирманың бас директоры жауапкершілікке тартылды. Шетелге турды ұсынып, ер адам алдау жолымен астананың 57 жасар тұрғынының 1 млн. астам теңге сомасын иемденген.

Тура сол айда Чехияға билет сатып алған, күйеуімен турфирманы таңдаған әйел адам полицияға жүгінді. Ұшар қарсаңында оларға турфирмада белгілі проблемалар туындағаны хабарланды. Әйел адам олардың билеттерінің броны жойылғанын аңғарды. Кейін турфирманың алаяқтық іс-әрекеттерінен басқа құрбан шеккендер де полицияға арызбен жүгінді. Директор тұтқындалды.

Сонымен бірге, 2018 жылы 200 адам 7 турфирманың және олардың менеджерлерінің алаяқтық іс-әрекеттерінен жалпы сомасы 137 млн. теңгеге жәбірленді.

Атап айтқанда, шілденің өзінде турфирмалар тарапынан алаяқтықтың 4 фактісі тіркелді.

Мысалы, Алматыдағы туристік компания 30 қазақстандықты 19 млн. теңгеге алдаған. Фирма Түркияға жолдамаларды арзан бағамен сатқан. Зардап шеккендердің сөздерінше, оларға қонақ үйде брон расталмағаннан кейін күмән туындай бастаған.

Тура сол айда Алматыда турфирманың алаяқтық іс-әрекеттерінен 10 адам зардап шеккен. Шығын сомасы 10 млн. теңгеден асты.

47 үндіс турисі Қазақстанға келмек болып, құжаттарады ресімдеу міндетін алған фирмаға 5 млн. теңге төлеген. Кейін анықталғандай, фирма оларға визаны ресімдемеген болып шықты, ақшаны да қайтармаған.

Басқа жағдай 2018 жылғы маусымда Қарағандыда орын алды. Дем алуға ұша алмаған және төленбеген билетпен қонақ үйде және қарыз қолхаттарымен қалған 18 адам полиция арқылы  турагент директорына іздеу салды.

Ал қыркүйекте Өскеменде 60-тан астам адам турмкомпаниялардың іс-әрекеттерінен зардап шекті. Директорға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Келтірілген шығын сомасы 30 млн. теңгені құрады.

Қазан айында 50 адам алаяқ компаниядан Оңтүстік Кореяға тур сатып алды. Зиян шеккендер тиісті арыздарымен полицияға жүгінді. Келген шығынның жалпы сомасы – 17 млн. теңге.

Желтоқсанда Ақтөбеде турфирма менеджері 56 млн. Теңгені жымқырып, қашып кеткен. Сотта өкіл хабарлағандай, орын алмаған демалыста компаниянң кінәсі жоқ. Олардың менеджері клиент ақшаларымен қашып кеткен болып шықты. Турфирманың өзі зардап шегуші жақ болып саналып, менеджерді халықаралық іздеуге салған.

Барлығы 2010 жылдан бері жыл сайын чартерлік авиакомпаниялардың проблемаларына ұласып жағдайлар орын алып отырған. Осы уақыт аралығында 12 мыңнан астам адам зардап шеккен, ал шығын сомасы он миллион доллардн асып түскен.

Қзақстан Республикасы азаматтарының құққытарына кепілдік беру жүйесі пайда болған сәттен бастап шығу туризмі саласындағы жүйе басқарушысы «Туристік Қамқор» Корпоративтік Қор (КҚ) екенін естеріңізге саламыз, шетелге демалуға шығатын қазақстандықтарға осы аралықта 623 мың ТУРКОД берілді.

ТУР-КОД – СІЗДІҢ ШЕТЕЛДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ДЕМАЛЫСЫҢЫЗДЫҢ КЕПІЛІ

2017 жылдан бастап қазақстандық туристерге шетелге демалысқа туркодпен шығу ұсынылады. Арнайы құрылған «Туристiк Қамқор» КҚ шетелде келеңсіз жағдайға ұшыраған отандастарға елге оралуға көмек көрсету үшін қызмет етеді. Бірінші кезекте адал емес турфирмалардың қызметінен зардап шеккендерге қатысты. Сөйтіп, Қазақстан туристері туркод болған кезде төтенше жағдайларда кепілдендірілген қолдауға ие бола алады.

Туристік кодты туроператорға жарнаны (0,5 АЕК  -1 202 тг. турист үшін. Бұл соманы турист үшін туроператор төлейді) төлегеннен және банк кепілін (12 млн. тг мен 36 млн. тг аралығында) ұсынғаннан кейін Қор береді.

ТУРКОД деген не? Туристік код 11-13 (шығу еліне байланысты) әріп-цифрлық символдан тұрады. Ол әр жолдаманы ресімдеген кезде автоматты түрде беріледі. Бұл шифр әр турист үшін бірегей болып табылады. Төтенше жағдай туындаған жағдайда турист Қормен байланысқа шығады, өз туркодының нөмірін хабарлайды және алдағы 24 сағат ішінде жедел көмекті күтеді.

«Туристік Қамқор» қоры 2016 жылғы 7 қарашадан бастап жұмыс істейді.

Дереккөз: http://egemen.kz/