2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер бағасы 12,4%-ға жоғарылады

0

Өткен жылда өндіруші кәсіпорындар бағасы дизель отынына — 26,2%, мазутқа — 20,5%, мұнайға — 18%, табиғи газға — 15%, көмірге — 10,7%, сұйытылған пропан және бутанға — 7,7%, металл кендеріне — 2,2%, бензинге 1,8%-ға жоғарылады.

Бағаның ферроқорытпаларға — 24%, қара металдар илегіне — 15,4%, алюминийге — 3,8%, мысқа 1,5%-ға жоғарылауы, олардың қорғасынға — 12%, мырышқа 4,8%-ға төмендеуі тіркелді.

Өндірушілер бағасының күрішке — 22,4%, құс етіне — 14,5%, мал етіне — 3,6%, қара бидай ұнына — 9,7%, бидай ұнына — 6,7%, шайға — 8,9%, өсімдік майына — 8,3%, қантқа — 5,2%, сүт өнімдеріне — 2,7%, жармаларға — 1,5%, нанға 1,3%-ға жоғарылауы байқалды.

 

Дереккөз: http://egemen.kz/