2018 жылғы «Forbes» рейтингін жеті жасар бала бастап тұр

0

«Forbes» журналы «YouTube» желісіндегі ең бай блогерлердің рейтингін жариялады.

2018 жылдың рейтингі бойынша, 7 жастағы Райан есімді бала өзінің «Ryan ToysReview» арнасымен топ жарды. Оның жылдық табысы 22 миллион долларды құраған. Қазіргі уақытта Райанның «YouTube» арнасындағы көрермендер саны 17 миллион адамға жеткен.

Екінші орынды актер Джейк Полдың арнасы алған. Полдың көрермендер саны 17,5 миллион адам. Жылдық табысы 21,5 миллион доллар. Үшінші сатыда бес каскадер жігіттің видеолары жинақталған «DudePerfect» арнасы. Олардың жылдық табысы 20 миллион доллар. Көрермендер саны 38,8 миллион адам.

«The Qazaq Times»