2018 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық иегерлері анықталды — Өнер

0

2018 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығының иегерлері анықталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Ақордада жарияланған Президент қаулысынан белгілі болды.  

Қазақстан Республикасының 2018 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы:

1) ақын Тыныштықбек Әбдікәкімовке — «Алқоңыр дүние» өлеңдер мен балладалар жинағы үшін;
2) авторлар ұжымына: Төлеубек Нығметұлы Әлпиевке, Алан Асқарұлы Бөрібаевқа, Сүндет Әбдірахманұлы Байғожинге, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының шығармашылық ұжымына қатысушыларға — «Абай» операсы (Л. Хамиди, А. Жұбанов) үшін;
3) авторлар ұжымына: Ақан Қарғамбайұлы Сатаевқа, Әлия Нұрсұлтанқызы Назарбаеваға, Тимур Қазбекұлы Жақсылықовқа, Алтынай Бауыржанқызы Нөгербекке, Әділ Ералыұлы Ахметовке — «Анаға апарар жол» толықметрлі көркем фильмі үшін;
4) ақын Ақұштап Бақтыгерейқызы Бақтыгерееваға — «Ана сыры» өлеңдер мен балладалар жинағы үшін;
5) ақын Өтеген Оралбайұлы Оралбаевқа — «Шуақты шақ» жыр жинағы үшін берілді.

Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.