2018 жылдың үздік 18 хикаясы

0
188

Сәуірдің 9-ы күні Брюссельде Қазақстанның бір топ саясаткері мен азаматтық белсендісі «Жаңа Қазақстан» атты форум өткізді. Азаттық тілшісі Өркен Жоямерген осы жиынды ұйымдастырушы, шетте тұратын бұрынғы премьер-министр Әкежан Қажыгелдинмен сұхбаттасқан.

2018 жылы Қытайдың Шыңжаң аймағында ұйғырлар, қазақтар, қырғыздар және татарлардың саяси тәрбие орталықтарында қамалып жатқаны жиі айтылды. Азаттық Шыңжаңдағы оқиғалардың хроникасын тізіп шыққан.

Нұрсұлтан Назарбаевтың қарсыластары елде президенттің жеке басына табыну белгілері күшейіп келеді деп мәлімдейді. Назарбаевтың жақтастары елде мұндай құбылыс жоқ, бұл – «ұлттық ерекшеліктердің көрінісі» ғана деп санайды.

2018 жылы Оңтүстік Кореяның Пхенчхан олимпиадасында Қазақстанның алға қойған «мақсаты орындалмады». Олимпиадаға барып қайтқан Азаттық тілшісінің репортажы.

Президент басқаратын билеуші «Нұр Отан» партиясының жалпы табысы 2013 жылдан 2017 жылға дейін 45 миллиард теңгеден асқан. Қаржылық есеп бойынша, осы бес жылда партия 30 миллиардтан астам қаржы жұмсапты.

2018 жылы Қырғызстанда экс-президенттерге тиісуге болмайды деген норманы шектейтін бастама көтерілді. Ал Орталық Азияның басқа елдерінде президентке тиіспеу кепілдігі өмір бойына сақтауды жақтайтындар иммунитетті «кек алғысы келетіндерден» қорғау деп біледі.

Дәурен Абаевтың Ақпарат және коммуникация министрі қызметіне тағайындалғанына екі жылдан асты. Осы аралықта министр өзі жоғары бағалаған БАҚ туралы заңға өзгерістер енгізіліп, елдегі сөз бостандығы мәселесі сынға қалды.

Қазанның соңында Ресей президенті Владимир Путин 2019-2025 жылдарға арналған миграциялық саясаттың жаңа тұжырымдамасын бекітіп, шетелде тұратын орыстарды «Орыс әлемін» нығайтуға шақырды, «көшіп келсе жағдайларын жақсартамыз» деп уәде берді. Бұл туралы Қазақстанда тұратын орыстар мен сарапшылар не ойлайды?

2018 жылы бұрынғы банкир, Қазақстан билігінің оппоненті Мұхтар Әблязовтің үстінен сырттай үкім оқылды. Қазақстанда сырттай соттау тәжірибесі 2001 жылы бұрынғы премьер-министр Әкежан Қажыгелдинді соттаудан басталды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясынан «Қазақстан теміржолына» басшы болып ауысқан кезіндегі «жас реформатор» қайтіп сақа саясаткерге айналды?

Соңғы жарты ғасырдан астам ұдайы құрғап келген Арал теңізінің солтүстік бөлігі біртіндеп қалпына келе бастады. Азаттық тілшісінің Аралға сапары.

Қазақстандыққа күйеуге шыққан Қытай қазағы Азаттыққа былтыр қазан айының соңында Шыңжаңдағы туған жері – Бурылтоғайға төркіндеп барған кезінде «саяси лагерьге қамалу қаупі туып, жергілікті биліктің қысымымен жасанды түсік жасатқанын», «өкпе дертіне шалдыққанын» айтты.

Ресми деректерде «Қазақстанда кедейлер саны халықтың 3 пайызына жуықтайды» деп көрсетілген. Ал халықаралық ұйымдар мен сарапшылар «елдегі кедей саны бұдан әлдеқайда көп» дейді. Азаттық тілшісінің зерттеуі.

«Шекараны заңсыз кесіп өтті» деп айыпталып, тамыздың 1-інде Қазақстан соты алты ай шартты түрде бас бостандығынан айырған, бірақ экстрадицияламай елде қалдырған Қытай қазағы Сайрагүл Сауытбай Азаттыққа сұхбат берді.

Алматыдан 50 шақырым жерде орналасқан Шамалған ауылында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев туып-өскен. Бұл жерде әлі күнге дейін президенттің туыстары мен сыныптастары тұрады. Былтыр Шамалғанда «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы ашылды, соның негізінде президентке арналған музей де пайда болды.

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні Қазақстанда күзет күшейіп, ондаған белсенді ұсталды.

OECD зерттеу ұйымының дерегінше, Қазақстан қой етін жеуден әлемдегі үздіктердің бірі. Азаттықтың инфографикаларын мына сілтемеден көре аласыз.

2018 жыл Қазақстанда қандай оқиғалар болды? Ел экономикасы мен саяси өмірі қалай өзгерді? Азаттықтың талқылауы.

Дереккөз: Азаттық