2018 жыл қазақ еліне өте ауыр жылдардың бірі болды

0
Спорт

Қысқа сілтеме алу

27 0 0

Кәсіпқой боксшы Қазақстанның болашағы шын мəнісінде жастардың қолында екенін атап өтті

АСТАНА, 29 қаңтар — Sputnik. Таяуда ғана жастар арасында WBC чемпионы атанған Садриддин Ахмедов жанкүйерлеріне алғыс айтып, жеңісін марқұм Шерхан Мұртаза мен Денис Тенге арнайтынын мәлімдеді.

«Алланың қалауымен, халқымның қолдауымен WBC дəрежесі бойынша əлем чемпионы атағына қол жеткіздік! Маған деген дұғаларыңызға, қолдауларыңызға алғысым шексіз! Ең бірінші еліміз тыныш, халқымыз аман болсын! 2018 жыл қазақ еліне өте ауыр жылдардың бірі болды. Қоғам қайраткері, жазушы Шерхан Мұртаза атамыздың, қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы, патриоты Денис бауырымыздың өмірден өтуі еліміз үшін ауыр соққы болса, Геннадий ағамыздың біз күтпеген жерден жеңілуі қаншама қазақ жанкүйерлерін жылатты», — деген спортшы бұл жеңісін осындай қайғылы оқиғалардан соңғы қазақ халқының көз жасына арнайтынын жеткізді. 

Садриддин Ахмедов 2019 жастар жылы деп жарияланып, ел жастарына үлкен үміт артылып отырғанын атап өтті.

Қазақстандық Садриддин Ахмедовтің жойқын нокауты үздік ондыққа енді – видео 

«Өмір бойы қазақ деп, еліміздің дамуында өмірін қиған атамыз Мұстафа Өзтүріктің «мен спортта чемпион болсам, сендер білім жолында чемпион болуға қызығыңдар» деген сөзі жəне кезінде осыдан 3 ғасыр бұрын қазақ ханы Абылай хан атамыздың «білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда- қапы қалып жүрмелік» деген сөздері қазіргі таңда өте өзекті. Сондықтанда сол өсиеттерді басшылыққа алып, әрдайым білім алуға, елімізді дамытуға, əлемге танытуға ұмтылайық!», — деп үндеу тастады чемпион. 

«Шын мəнісінде еліміздің болашақта қандай болуы ол біздің қолымызда», — дейді ол. 


Дереккөз: https://sputniknews.kz/