“200 миллион жүктілікте бір кездеседі”: Астанада ерекше үшем дүниеге келді
Астанада Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай есімдері қойылған үшем дүниеге келді. №2 көпбейінді қалалық ауруханасында дүние есігін ашқан сәбилердің бірінің салмағы – 1 350 грамм, екіншісі – 1 370 грамм, үшіншісі – 1 270 грамм.
Дәрігерлердің мәліметінше, бұл – монохорионды триамниотикалық үшем. Ол 200 миллион жүктілікте бір рет кездеседі. Яғни үш ұрық бір ұрықжолдаста дамиды және бір генді бөліседі. Олардың ДНҚ жасушалары 99 пайыз ұқсас. Монохорионды үшемдердің табиғатта кездесуі барлық клиникалық жүктіліктің 0,004 пайызынан аз.
фото: Bulak.kg