20 жылдан кейін елді кім басқарады? — Қазақстан жаңалықтары

0

Stan.kz редакциясы сәуір айының бірінші жұлдызына орай қазіргі басшылардың 20 жылдан кейін қай жерде отыратынын елестетіп көрді.

Ғабидолла Әбдірахымов

Шымкент қаласының қазіргі әкімі Ғабидолла Әбдірахымов 2028 жылы Шымкенттен Нұр-Сұлтанға көшеді және бірінші кезекте жаңа лауазымға, «Нұр Отан» партиясының төрағасы болып тағайындалғанына қуанатын болады.

Нұр-Сұлтанда ол әртүрлі маңдайшаларды табуға тырысып, үйлердің қасбетіне түсінбей қарап жүреді. Бірақ көп ұзамай ол жоғарыға қарай қарау керектігін түсінеді. Яғни, дәл төбеңе құлағалы тұрған қаптама тақтайлар жаққа қарайды.

Нұр-Сұлтанда ол әртүрлі маңдайшаларды табуға тырысып, үйлердің қасбетіне түсінбей қарап жүреді. Бірақ көп ұзамай ол жоғарыға қарай қарау керектігін түсінеді. Яғни, дәл төбеңе құлағалы тұрған қаптама тақтайлар жаққа қарайды. Мейрамханаға кірген сайын Әбдірахымов бағасы 2000 теңге тұратын кәуәпты көріп: «бұл тағам біздің Шымкентте 300 теңге тұрады» деп таңдайын қағып отыратын болады. Ал қол астындағы қызметкерлері оның кеңсесіне кіргенде костьмдерін шешіп, көйлекшең: «Мәссаған, сізде нағыз Шымкент қой» дейтін болады.

Бірнеше жылдан кейін Әбдірахымов Шымкентін сағынып, онда қайтадан оралғысы келеді.

Бірақ ол елдің премьер-министрі болып тағайындалып, тіпті сүйікті қаласына баруға да уақыт таба алмайтын болады. Есесіне Әбдірахымовтың аты тарихта қалады. Оның кезінде Нұр-Сұлтанда бүкіл ауданды күмбезбен жабу жобасы іске асырылып, аудан «Шымқала» атауын алады.

Бауыржан Байбек

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек 2039 жылы Сарыөзек әкімінің қызметіне кіріседі. 

Ол Алматының газ жайлаған ауасы мен үздіксіз аллергиялардың кесірінен жиі жөтеліп, тұншыққанға дейін, яғни 2030 жылға дейін Алматы қаласының әкімі болып жұмыс істейді. Ол отставкаға кетуді сұрайды. Бірақ президент ол секілді басқарушының «жоғалып кетуіне» жол бермей, оны Сарыөзектің әкімі етіп тағайындайды. Сарыөзекте Байбек ферма ашып, жылқыларды сатып алып, қонақтарға қымыз ұсынатын болады. Қымыз және емдік қасиеті бар дала ауасының көмегімен экс-әкімнің денсаулығы жақсарады. Демалыс күндері ол өзінің отбасына, оңтүстік астанаға келіп тұрады. Байбекті барлық жол полицейлері танып, құрметтейтін болады. Өйткені оның пилотсыз басқарылатын көлігі ешқашан ережелерді бұзбайды. Ал Бауыржан Қыдырғалиұлының өзі қызметі мен жасына қарамастан, Қапшағай трассасы үшін ақша төлейтін болады. 

Әрине, үлкен тиын Сарыөзектің басты көрнекті жеріне айналады. 

Дәурен Абаев

Дәурен Абаев бірнеше қызметтерді атқарып тастайды: ол президенттің әкімшілігінде жұмыс істейді, ұлттық компанияға басшылық етеді, премьер-министрдің орынбасарының орындығында отырады. Бірақ 2034 жылы қайтадан құрылған ақпарат министрлігіне қайтып келеді. (Ол 2028 жылы тарап кетеді) 

Оның алдында БАҚ-пен жұмысты реттеу тапсырмалары тұрады, редакция қызметкерлері ол кезде роботтармен алмастырылады. Ол роботтарға пресс-конференциларға кіруге мүмкіндік беретін аккредитацияның жаңа ережелерін ойлап табуға тырысады. Аккредитациядан өту үшін роботта тәртіп ережелерімен келісетіні жайлы қолмен жазылған келісім құжат, редакциямен жасалған еңбек шарты және техникалық сипаттама болуы тиіс. Осыдан кейін роботтар Абаевты көтеріліспен қорқытатын болады. Әлем бойынша роботтардың бағынбау оқиғасы Қазақстанда орын алады және бұл күллі әлемдік қоғамдастақты дүрліктіреді. Аккредитация ережелері қайта қаралады. Ал роботтарға тек қана онлайн түрде митинг өткізуге рұқсат беріледі. 

Дәурен Әскербекұлы Skype арқылы митингтерге қатысып, жасанды сананы дамытудың маңыздылығы жайлы сөз сөйлейді.

Баян Мақсатқызы

60 жастағы Баян Мақсатқызы мәдениет министрлігін басқарып отыр. Бірінші вице-министр болып оның күйеуі Тұрсын Алагөзов істесе,  екінші вице-министр қызметін Баянның кіші қызы Айару Бақытбек өз қолына алған. Баян әлі күнге дейін 30-дағы келіншектей көрінеді. Ал оның сұлулығын көре алмаған министрліктегі әріптестері көңілдесі бар екенін айтып өсек таратып жүр.

Алагөзова бұрын соңды болмаған министрлік сыртында жұмыс істеуге рұқсат берген тұңғыш министр ретінде ел тарихында қалды.  Ол суық пен жел адам терісіне кері әсер ететінін айтып, Қазақстан мен басқа елдерге сапарлар жөніндегі мәдениетті ілгерілететінін мәлімдеді.

Баян Алагөзованың арқасында  «Келинка Сабина 10-бөлім» фильмі әлемдік прокаттың көшін бастап тұр. Ал «Ауылдан қашу-12»  киносы үздік сценарийі үшін «Оскарды» жеңіп алды.

Бұнымен ғана шектеліп қалмаған Баян Мақсатқызы әнұранды өзгертуге әрекет жасап, жаңа нұсқасын «Кешью»  тобының 25-ші құрамы орындайты деп шешкен еді. Бірақ бұған халық қарсылық білдірген соң, өзгеріс енгізілген жоқ. Бір қызығы 60-жылдық мерей тойына орай ол Playboy журналына арнайы суретке түскенімен, басшылықпен келісімге келе алмай,  фотосуреттерді жариялауға тыйым салды.

Мәдина Әбілқасымова

Мәдина Әбілқасымова 2035 жылы қайтадан еңбек министрі болып тағайындалып, өз уақытында министрлер кабинетіне қосылған, теңіз жағалауында купальникпен жатқан Баян Алагөзоваға қызғана қарайтын болады.

Еңбек министрі қызметінде ол қазақстандықтардың орташа жалақысы 800 долларға, ал ең төменгі күнкөріс деңгейін 200 долларға жеткізгенімен есте қалды. Қазақстандағы кез-келген адам Armani-ден киім сатып ала алады деген сөзнен кейін отставкаға жіберілді.

2037 жылы билік басына мәжіліс депутаты болып қайта оларған экс-министр көп балалы аналарға үнемі қолдау көрсетіп отыр керектігін қайда жүрсе де айта беретін болды. 

Журналистерден қашу Әбілқасымованың  бойына сіңіп кеткен. Онысымен қоймай, Абаевтан үнемі жасырынып жүреді.

Сонымен қатар, Мадина Әбілқасымованың жетістігі де аз емес. 2 дәрежелі «мемлекеттік қызметкердің позитивті бейнесін жасауға қосқан үлесі үшін» және 1 дәрежелі «Елбасыға адалдығы үшін»медальдарымен, сондай-ақ «Нұр-сұлтанға 40 жыл» төсбелгісімен кеудесін толтырған.


Біздің қиялымыз ешкімнің көңіліне тимеді деп үміттенеміз және 20 жылдан кейін Қазақстан тұрақтанып, гүлденетін болады деп сенеміз. 1 сәуірлеріңізбен!

stan.kz