20 желтоқсандағы ауа райы: жауын-шашынды күн

0
Жауын-шашын қыс жаңбыр ауа райы
Фото: Vestipmr.info

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, батыстан басқа өңірлерде жауын-шашын жауады, еліміздің көп бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Түркістан, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда облыстарында тұман түсіп, бұрқасын соғады, көктайғақ болады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында толассыз қар жауады.

Маңғыстау облысында 15-20 м/с жел соғады. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Қызылорда облысында тұман мен көктайғаққа байланысты, Түркістан облысында тұман, көктайғақ пен бұрқасынға байланысты, Жамбыл облысының қардың толассыз жаууына, тұман, көктайғақ пен жаяу бұрқасынға байланысты ескерту жарияланды.

Еске салайық, бұған дейін мамандар 20-22 желтоқсан күндері солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнгі температура 30-35 градусқа дейін төмендейтінін хабарлаған еді.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!

Дереккөз: Baribar.kz