20 жастағы қазақ баласы АҚШ-та хоккейден команда капитаны болды

0
20 жастағы қазақ баласы АҚШ-та хоккейден команда капитаны болды


Хоккей тарихында алғаш рет АҚШ-та 20 жастағы қазақ жігіті команда капитаны болды.

Канадада Азат Тұрсынханов GMHL лигасында ойнады, ал қазір қазақстандық спортшы Пенсильвания штаты Филадельфия қаласында EHL лигасына жататын Lehigh Valley командасының капитаны.

Азат Тұрсынханов 1998 жылы 14 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. 2003 жылдан 2015 жылға дейін астаналық хоккей құрамасында шабуылшы болды. 2015-2016 жылдары Канададағы Hill Academy-де оқыды. 2016-2018 жыл аралығында Торонтода GМHL хоккей лигасында өнер көрсетті.

Айта кетерлігі, GМHL хоккей лигасы — 10 жылы бұрын Канадада құрылған тәуелсіз жасөспірімдер лигасы. Ол әлем елдеріндегі 15-21 жас аралығындағы хоккейшілер арасында хоккейді жоғары деңгейге жеткізу және ілгерлетуді мақсат тұтады.