20 сәуір шаралар: Алматы, Нұр-Сұлтан

0

Sputnik Қазақстан 20 сәуірде болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 21-24 сәуір аралығында не жоспарланғанын біле аласыз (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты 16 наурыздан бастап көпшілік шараларға уақытша тыйым салынды. Нұр-Сұлтан мен Алматы, сондай-ақ облыстар карантинге жабылды. Мемлекеттік органдардың отырыстары да онлайн-режимге көшті. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар туралы хабардар етеміз.

20 сәуірге жоспарланған шаралар

9.00 — #bizbirgemiz_sport жобасы таңертеңгілік жаттығу ұйымдастырады. Жаттығудыджиу-джитсудан екі дүркін әлем чемпионы, халықаралық санаттағы спорт шебері Елдос Қабденов өткізеді (трансляция @bizbirgemiz_sport жобасының парақшасында).

10.00 – Қазақстанның мемлекеттік академиялық биі балетінің әртісі Дана Еркімбаева «Классический экзерсис для начинающих» айдарын өткізеді (трансляция @bizbirgemiz_cultur жобасының парақшасында).

14.00 – Аралас жекпе-жек шебері, Fight Nights Global чемпионы Жалғас Жұмағұлов шеберлік сағатын өткізеді (трансляция @bizbirgemiz_sport жобасының парақшасында).

19.00 – Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актері Светлана Фортуна мен Иван Анопченконың «Шығармашылық карантин» жобасы аясындағы тікелей эфирі (театрдың Instagram-дағы @gorkytheatre_ns ресми парақшасында трансляция жасалады).

19.00 – Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының директоры Асхат Маемировпен тікелей эфир. Эфир қонағы – Ақан Сатаев (@ns_madeniet парақшасында тікелей трансляция жасалады).

19.30 – Семсерлесуден Азия ойындарының үш дүркін жүлдегері Эльмир Әлімжановтың сұхбаты (трансляция @bizbirgemiz_sport жобасының парақшасында).

20.30 – «Жыл басына таласқан хайуанаттар» етегісін мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театрының актері Роман Цой оқиды (трансляция @bizbirgemiz_cultur жобасының парақшасында).

20.00 – Қазақстан, Ресей, Голландия және Германия әртістері қатысқан жұлдызды гала-балеттің көрсетілімі. 20 сәуірден бастап «Астана Балет» театры «Eurasian Dance Festival» бірлесіп, елорда театрының сахнасында халықаралық балет өнері фестивалі аясында өткен гала-концерттер мен қойылымдардың онлайн-трансляциясын бастайды (Трансляция театрдың ресми YouTube-каналында).

21.00 – Опералық әнші Зарина Алтынбаеваның онлайн-концерті (трансляция «Қазақтелекомның» Youtube-каналында).

22 сәуірге жоспарланған шаралар

20.00 – танымал испаниялық Castro Romero би триосынан «Escencia Flamenca» бағдарламасының онлайн-көрсетілімі (Трансляция «Астана Балет» театрының ресми YouTube-каналында).

24 сәуірге жоспарланған шаралар

22.00 – Қытай ұлттық балеті бағдарламасының онлайн-көрсетілімі. Бағдарлама 2018 жылы жазда Нұр-Сұлтанда «Eurasian Dance Festival» фестивалінде таныстырылған болатын (Трансляция «Астана Балет» театрының ресми YouTube-каналында).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz