«20 рет пышақтаған»: Астанада туыстарына шабуыл жасаған жігіт туралы жаңа мәлімет шықты
Оқиға болған пәтерде 60 және 50 жастағы апалы-сіңлілер балаларымен бірге тұрған
Журналист Михаил Козачковтың Kozachkov offside арнасындағы мәліметінше, оқиға болған пәтерде 60 және 50 жастағы апалы-сіңлілі тұрған. Олармен бірге әпкенің балалары мен ағасының жұмыссыз ұлы Жанғали Жұматаев өмір сүрген. Жанғали бос уақытында тек Standoff 2 атты компьютерлік ойын ойнаумен айналысқан.
«Қайғылы түнде Жанғали смартфон арқылы осы ойынды ойнап отырған. Түнгі сағат 3 шамасында әпкесі оған телефонды сөндіріп, ұйықтауды сұраған. Жанғали бұл өтінішті елемей, ойынын жалғастырған. Екінші рет ескерту жасалғаннан кейін ашуға булығып, қылмысқа барған», — деп жазады журналист.
Жанғали бәрі ұйықтап қалған соң пышақпен 28 жастағы ағасына 20-дан астам жарақат салған. Жарақаттар ауыр болып, ер адам оқиға орнында көз жұмды. Оның айқайынан оянған туыстары да оның шабуылына тап болған. 50 жастағы әпкесі беті мен мойнынан ауыр жарақат алған. 60 жастағы әйелдің қабырғалары сынған және денесінің әртүрлі бөліктері жарақаттанған.
Барлық үш әйел ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың жағдайы тұрақты. Полиция күдіктіні ұстады. Оның әрекеті «Адам өлтіру» және «Адам өлтіруге оқталу» баптары бойынша алдын ала сараланып отыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін тергеуді жалғастырып жатыр.