20 қарашаға арналған ауа райы болжамы

0

Астана, BAQ.KZ. Бүгін Қазгидрометтің болжамы бойынша еліміздің басым бөлігі белсенді фронтальды аймағында орналасқандықтан қар жауады. Тек республиканың батысында ғана күн райы ашық болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғып, жел күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Түркістан облыстарында кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с жетіп, күндіз екпіні 25 м/с болады. Түнде кей жерлерде тұман түседі.

Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады.

Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ