20 қараша күні елімізде ауа райы қандай болады?

0
Ауа райы, аяз
Фото: Mtmtv.info

Қазақстанның басым бөлігі белсенді фронттар аймағында орналасқандықтан 20 қараша күні республиканың батысынан басқа өңірлердің бәрінде жауын-шашын болады, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын, жел соғады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Жамбыл, Түркістан облыстарында да кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, 15-20 м/с жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Алматы облысының Жалаңашкөл көлі ауданында 15-20 м/с жел соғады, күндіз жел екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді, түнде кей жерлерде тұман түседі.

Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, жолдар көктайғақтанады.

Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Қызылорда облысында тұман мен көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз