20 наурызда парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

0
97

Саясат

Қысқа сілтеме алу

17 0 0

Қос палатаның бірлескен отырысы ертең сағат 12:00-де өтеді

АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес парламент палаталарының бірлескен отырысы 2019 жылғы 20 наурызда сағат 12-де Астана қаласында шақырылсын», – делінген өкім мәтінінде.

Айта кетсек, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жасап, президент ретіндегі өкілеттігін тоқтату жөнінде шешім қабылдағанын жария етті. Бірақ ол Қауіпсіздік кеңесі мен «Нұр Отан» партиясының басшысы болып қала береді.

Тағы оқыңыз: Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтатты

Президенттің өкілеттігі қалған мерзімі аяқталғанға дейін сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев ертең сағат 12:00-де парламент палаталарының бірлескен отырысында ант береді.



sputniknews.kz