«20 миллион теңге ұсынса да, бас тарттым»: 50 Сent-тің кепкасын қағып алған жігіт бір күнде танымал болды

0

Алматыда америкалық танымал әртіс 50 Cent-тің концерті өткен болатын. 10 мың адамдық Алматы арена спорт кешенінде екі сағат бойы өнер көрсетті. Кештің екінші бөлімінде шетелдік өнер иесі басындағы кепкасын залға лақтырды. Көпшілік арасынан павлодарлық Дархан Бегімтаев қағып алды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі TengriLife порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Әртіс концерт кезінде образдарын жиі ауыстырған. Бір кезде хип-хоп орындаушы басындағы аппақ кепкесін көпшілік тұрған жаққа лақтырып жіберді. Бас киімді 35 жастағы қазақстандық Дархан Бегімтаев қағып алған.

Бағалы сыйлықтың иегері атанған Дархан рэпер жанкүйерлерінің назарына бірден ілікті. Адамдар оны сол күні кешке әлеуметтік желіден іздей бастаған.

35 жастағы қазақстандық кепкені өзінде қалдыруды ұйғарыпты.

«Сату туралы ұсыныстар сағат сайын түсіп жатыр. Маған бір адам хабарласып, 20 миллион теңге ұсынды. Бас тарттым. Жаңа Hyundai көлігін де ұсынды, үлкен сомадағы ақшаны, сосын пәтерді ұсынды. Сату жоспарымда жоқ, бұл естелік қой. Кепкені өзіме қалдырамын. Оған арналған шыны бокс сатып алып та қойдым. Қазақстанда 50 Cent-тің кепкесі менде ғана бар, бұл керемет», – деді жанкүйер.

Айта кетейік, жарнама сайттарында кепкені сату туралы хабарландырулар пайда болды, бірақ Дархан Бегімтаев мұның өтірік екенін айтты.

Фото: stan.kz