20 – 30 жас аралығында қандай қателік жасауға болмайды?

0

20 – 30 жас аралығында қандай қателік жасауға болмайды?

Канадалық видеоблогер әрі бизнесвумен татьяна Конкина өз қателігінен қорытынды шығарып, жастарға кеңес беруді жөн көрген. Сонымен ол жастардың 20 – 30 жас аралығында жіберетін қателіктерін көрсеткен:

1.Өмірде айқын мақсаттың болмауы. Ең бастысы өз мақсатыңызды айқындап, ешкімді тыңдамау қажет.

2.Уақытты әлеуметтік желілерде бос өткізу. Бұл қаншама күш пен уақытты шығындайды.

3.Өзгелердің өзіңіз туралы пікірін тыңдау. Ең бастысы ішкі дауысыңызды тыңдау.

4.30 жасқа дейін отбасын құру. Ең алдымен өзіңізді қалыптастыру керек. Мансап пен ақша жасауға мүмкіндік барда соны жасап алыңыз.

5.Әлденеге байланып қалу, оның ішінде бір жерде тұрақтап қалу. 20 – 30 жас аралығы қала ауыстыруға, жаңа жерге үйренуге таптырмас кезең.

6.Спортқа көңіл бөлмеу. Көп уақытыңызды спортзалда өткізсеңіз де мүмкіндігінше табиғатта спортпен шұғылдануға тырысыңыз.

7.Кітап оқымау. Барынша өз-өзіңізді дамытатын кітаптарды оқуға тырысыңыз.

8.Жаңа дағдыларды дамытпау. Өз өміріңізге керекті дағдыларды игеріңіз.

9.Басқалардың ісіне көп көңіл бөлу. Бұл көп қыздарға тән қателік. Ата-анасын, бауырларын немесе қайын жұртының көңіліне қарап, солар үшін барын жасайды.

Дереккөз: Сегодня

Дереккөз: http://reactor.inform.kz