20, 21, 22 шілдеге арналған ауа райы болжамы

0
80

20-22 шілде күндері күн салқындайды. Кей өңірде жауын-шашын, найзағай, жел мен бұршақ күтіліп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде — Sputnik. Демалыс күндері көптеген өңірде күн салқындайды, деп хабарлайды Қазгидромет.

«Солтүстік облыстарда атмосфералық фронттармен бірге Орал ауданынан салқын және ылғалды ауа түсе бастайды. Атмосфералық фронттар оңтүстік-шығыс бағытқа баяу жылжиды. Кей жерде жауын-шашын, найзағай, дауыл, бұршақ болуы мүмкін», —  деп жазылған хабарламада.

Бірақ республиканың оңтүстік облыстарында әлі де ыстық сақталады. Ауа температурасы 38…45 градус шамасында болады.

Айта кетейік, 17-19 шілдеде Қазгидромет Түркістан және Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Шымкентте дабылды ескерту жариялаған болатын.

Түркістан облысының басым аумағында күн 43 градусқа, кей жерлерде 45 градусқа дейін ысыды. Ал Шымкентте +40-42 градус аптап ыстық болды.

Соңғы үш күнде Қызылорда облысында да 40-45 градус ыстық болды.



sputniknews.kz