2 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

0

Астана, BAQ.KZ. Қазгидромет 2 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынады. Еліміздің басым бөлігі антициклонның ықпалында болады. Соған байланысты ауа райы аязды, жауын-шашынсыз.

Республиканың оңтүстік-шығысы және оңтүстік-батысы арқылы фронтальды бөліктер өтеді, қар жауады.

Оңтүстік-батыста жауын-шашынды, жел соғып, бұрқасын болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын соғып, тұман түседі. Жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Атырау облысының кей жерлерінде түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді, ал таңертең және күндіз кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Жамбыл, Қызылорда облыстарында тұман түсіп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 17-22 м/с-ға дейін жетеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысыың кей жерлерінде бұрқасын соғып, кей жерлерде түнде және таңертең тұман түседі.

Түркістан, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде ақжорға жүреді.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ