2 миллион теңге үшін: Қазақстандық дәрігерлер сақтандыру төлемдерін алуға ниетті деп күдіктелді — Қазақстан жаңалықтары

0

Жақында денсаулық сақтау вице министрі Ләззат Ақтаева арнайы тексеруден өткен медицина қызметкерлері ғана жоғарылатылған жалақы ала алатынын айтты. Осы орайда желіде медицина қызметкерлері сақтандыру төлемдерін алу үшін өз бастарын қатерге тігіп жатуы мүмкін деген пікір айтылып, талқыға түсті, — деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Егер медицина қызметкерлері вирус жұқтырса алгоритм негізінде шаралар жүзеге асырылады. COVID-19-жұқтыру туралы ақпарат беріледі, байланысқан адамдары, әріптестері мен науқастары анықталып, тексеріледі. Кейін комиссияға тексеруге жіберіледі екен.

«Эпидемиологиялық зерттеудің нәтижелері комиссияға жіберіледі: оның құрамына еңбек инспекциясының өкілдері, жұмыс беруші жақтан өкіл, санитарлық эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы органдар, жұмысшы тарапынан өкіл немесе кәсіподақ ұйымы мүшесі немесе қызметкердің уәкілетті тұлғасы», — деді вице-министр.

Медицина ғылымдарының кандидаты, қоғамдық белсенді Қайырғали Конеев комиссияны Денсаулық сақтау министрлігі өткізетін болса айқындық туралы ешқандай сөз болуы мүмкін емес екенін айтады.

«Көп жағдайда денсаулық сақтау министрлігі қос стандартты саясатты ұстануға тырысып жатқанын көріп отырмыз, дегенмен мұндай жағдайда коррупцияның орын алу мүмкіндігі жоғары екені анық. Егер комиссияны ДСМ өткізетін болса, айқындық (ашықтық) туралы ешқандай сөз болуы мүмкін емес.

Қазір әріптестерімізде теріс нәтиже туралы күдік басым, алайда олар клиникалық тұрғыдан коронавирустық инфекцияға сенімді. Мұның не үшін жасалып жатқанын өзіңіз де түсінетін шығарсыз.
Ұлттық сараптама орталығы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне бағынады. Демек ДСМ-нің бұл зертханаға әкімшілік тетігі (тұтқасы) бар «, — дейді Қайырғали Конеев.

Желі қолданушысы Ербол Жұмағұл дәрігерлерге берілетін төлемдер мен вирус жұқтырғандардың көбі ақ халаттылар болғанына қатысты өз ойын білдірді:

«Мен күдігімді айттым, бірақ келеңсіздіктерге, балағаттаушылыққа тап болдым. Енді ретімен түсіндірейін.

Жаңа вирус бар, ол әлемдегі көптеген дәрігерлерден де табылып отыр. Бірақ, ауруға шалдыққандардың төрттен бірі дәрігерлер деген үрейлі статистика жоқ, ешбір жерден көрмедім (дұрыс емес болса, түзеп қойыңыз).

Қалалық аурухананың бас дәрігері ұжымды науқастардан «ақша соруға» айдақтайтын бәрі білетін видео бар. Сонда бірде-бір ақ халатты дәрігер «Біз, ант бердік емес пе?» деп қарсы шықпайды. 

Біздегі медицина мен сыбайлас жемқорлық деңгейі қандай екенін біліп, көріп отырмыз.

Дәрігерлер бетпе-бет келіп жатқан кедейшілік мәселесі бір бөлек, кейбірі пайдакүнем болып кеткен. Мен қазір нағыз дәрігерлерді айтып жатқаным жоқ, пайдакүнемдер жайлы айтып отырмын. 

Сонымен, жақында енгізілген ынталандыру жүйесі бар. Егер дәрігер коронавирус жұқтырса, мемлекет оған 2 миллион теңге төлейді. Яғни, мемлекет дәрігерге сау болғанға қарағанда, науқас болу пайдалырақ  болатындай жағдай жасайды», — деп жазды ол. 

Айтуынша, дәрігерлерге ауру-сырқауына қарамай көмектесу керек, әрқайсысына еш әңгімесіз 2 миллионнан берілу тиісіз.

 «2 миллионға кім басын қатерге тігеді?» деген сияқты сұрақтар да негізссіз. Біріншіден,бұдан аз сомаға да тәуекелге барып жатыр.  Екіншіден, «Бәке, мені ауырып қалды деп жаса сал, міне саған 500 мың», — деп айтатындар табылмайтынына кім кепіл?!

Егер сіз біздің барлық дәрігерлеріміз күнәсіз деп санасаңыз, онда біз сізбен әр түрлі Қазақстанда тұрамыз», — дейді Ербол Жұмағұл.

Айта кетейік, үкімет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірін сақтандыруды тапсырды.

Сондай-ақ, медицина қызметкері коронавирус жұқтырған жағдайда, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін біржолғы әлеуметтік төлемдер 2 миллион теңгені, қайтыс болған жағдайда — 10 миллион теңгені құрайды.

stan.kz