2%-дық ипотека: Тоқаев тұрғын үй бағдарламасына қатысушыларының санатын кеңейтуді тапсырды

0

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлық «Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасының кеңейтілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының айтуынша, биыл төрт мың аз қамтылған отбасы «Бақытты отбасы» бағдарламасының көмегімен жылдық 2% несие алып, қоныс тойын тойлады.

«Қазір көңілге қонатын уақыт емес. Тұрғын үй жағдайын түбегейлі өзгерту қажет. Бұл мәселе әрдайым біздің назарымызда болады. Тұрғын үй мәселесі — мемлекеттің әлеуметтік саясатының басымдығы, сондықтан жақын арада қосымша шаралар қабылданады. Үкімет барлық кезектегі отбасылар үшін «Бақытты отбасы» бағдарламасының тәжірибесін тарату мәселесімен айналысуда», — деді Қазақстан басшысы.

Тоқаев министрлер кабинетіне тұрғын үй бағдарламасын 2020 жылы кеңейтуді және сол арқылы көптеген қазақстандықтарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесін шешуді тапсырғанын айтты.

ТҚЖБ-де 1,5 миллион депозит ашық екенін атап өткен жөн. Әкімдіктерде баспана кезегінде тұрған 526 мың адамның 200 мыңы үнемдей бастады. Сонымен бірге 180 мың ата-ана балалар депозиттерін ашты.

stan.kz