2 ақпаннан бастап банктер ипотека бойынша сыйақы өндірмейді

0
106
Экономика

Қысқа сілтеме алу

19 0 0

Жаңа ереже осы жылдың 2 ақпанынан бастап күшіне енеді

АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда банктерге ипотекалық қарыздар бойынша 180 күн кешіктірілгеннен кейін есептелген сыйақыны өндіруге тыйым салынады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің ақпаратынша, осы жылдың 2 ақпанынан бастап банктер ипотека бойынша 180 күн кешіктірілгеннен кейін есептелген сыйақыны өндіре алмайды. Бұған дейін қолданыстағы заңнамада мұндай мерзім қарастырылмаған.

«Аталған түзетулер жеке тұлғаны (қарыз алушыны) сыйақы бойынша қарызының көбейіп кетуінен қорғайды, сондай-ақ борышкерге қатысты дер кезінде шаралар қабылдау бойынша банктердің жауапкершілігін арттырады», — делінген хабарламада.

Тиісті түзетулер «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк қызметі туралы» заңға енгізілді.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/