2 адам Moderna вакцинасын салдырғаннан кейін қайтыс болды

Жабық ампулалардан бөгде қоспа табылғандықтан, партия жарамсыз деп танылған. Бірақ ер адамдар екпені вакцинаны пайдалану тоқтатылғанға дейін салғызған

0
2686

Жапонияда 30 бен 38 жастағы екі ер адам пайдалануға тыйым салынған Moderna вакцинасынан көз жұмды.

Бұған дейін вакцина партиясынан бөгде қоспалар табылды, деп хабарлайды NHK телеарнасы.

Екі ер адам да тәуекел тобына жатпаған, созылмалы аурулармен ауырмаған. Өлім себебі белгісіз, вакцинамен байланысы анықталып жатыр.

Екеуі де вакцина салдырғаннан кейін үш күннен соң қайтыс болды.