2 адам Moderna вакцинасын салдырғаннан кейін қайтыс болды

0

Жапонияда 30 бен 38 жастағы екі ер адам пайдалануға тыйым салынған Moderna вакцинасынан көз жұмды.

Бұған дейін вакцина партиясынан бөгде қоспалар табылды, деп хабарлайды NHK телеарнасы.

Екі ер адам да тәуекел тобына жатпаған, созылмалы аурулармен ауырмаған. Өлім себебі белгісіз, вакцинамен байланысы анықталып жатыр.

Екеуі де вакцина салдырғаннан кейін үш күннен соң қайтыс болды.