1979 жылы Тегеранда кепілге алынған АҚШ дипломаты қайтыс болды

0

15 шілдеде АҚШ-та 96 жасына қараған шағында Американың Ирандағы уақытша сенімді өкілі болған Брюс Лейнген қайтыс болды. Ол 1979 жылы Иран студенттері АҚШ-тың Тегерандағы елшілігін басып алған дағдаорыс кезінде қызмет атқарған болатын.

Оның қазасы жайлы Лейнгеннің ұлы 17 шілдеде естіртті. Чип Лейнгеннің айтуынша, әкесі Вашингтон маңындағы қарттар үйінің бірінде Паркинсон дертінің ұлғаюынан қайтыс болған.

Брюс Лейнген мен тағы 51 америкалық Иран студенттерінің қолында 444 күн кепілде отырған. Студенттер Иранда Америка шах билігі құлаған соң АҚШ-тың Тегерандағы елшілігін басып алып, ондағы адамдарды кепілге алған еді.

АҚШ-тың Ирандағы уақытша сенімді өкілі Брюс Лейнген кепілдіктен босатылғаннан кейінгі баспасөз мәслихатында жеңіс белгісін көрсетіп тұр. Америка, Вест-Пойнт. 27 қаңтар, 1981 жыл

АҚШ-тың Ирандағы уақытша сенімді өкілі Брюс Лейнген кепілдіктен босатылғаннан кейінгі баспасөз мәслихатында жеңіс белгісін көрсетіп тұр. Америка, Вест-Пойнт. 27 қаңтар, 1981 жыл

Кепілден босатылғаннан кейін Брюс Лейнген өзінің көптеген сұхбатында Иранмен татулыққа шақырған болатын. Ол Азат Еуропа/Азаттық радиосына 2009 жылы берген сұхбатында АҚШ пен Иран қатынасының реттелмегеніне өкініші білдірген.

17 шілдеде дипломаттың ұлы Чип Лейнген Миннесота қоғамдық радиосында әкесінің қауіпке қарамастан Ирандағы елшілікте жоғары қызмет атқарғанын айтқан. «Тәжірибелі дипломат ретінде ол диалог арқылы келіспеушілікті реттеуге сенімд болатын» деген Чип Лейнген.

Azattyq