Алматы облысында оқушы қыз асылып қалды

0

Алматы облысында 2005 жылғы қыз бала өзіне қол жұмсады. Оқиға Іле ауданының Түймебаев ауылында болған. 

«Бұл оқиға 21 мамыр күні болған. Кәмелет жасына толмаған қыз бала асылып қалған. Ол үйдің қорасында асылып тұрған жерінен табылған. Сараптама тағайындалды. Алғашқы тексеруде оның денесінде қинап өлтіру белгілері анықталмаған», — деді Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Әзірбек.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, қазір осы фактіге қатысты «өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Ресми өкілдің мәлімдеуінше, өзге ақпараттар тергеу құпиялығына байланысты жарияланбайды.