19 жастағы «Астана аруы» алдағы жоспарлары жайлы айтып берді

0
38

Айзада Хабиболлаева бұл жеңісімен шектеліп қалмайтынын, алдағы уақытта жаңа белестерді бағындыратынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша – Sputnik. «Астана аруы» атанған 19 жастағы Айзада Хабиболлаева байқаудан қандай әсер алғанын әңгімеледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айзада бұл шара өмірге деген көзқарасын өзгертуге ықпал еткенін атап өтті.

«Астана аруы-2019» байқауының жеңімпазы анықталды – фото 

«Өмірге деген көзқарасым өзгере бастағандай, өте қызықты адамдармен таныстым. Байқаудың барлық кезеңінен сүрінбей өттім. Қобалжыған жоқпын. Қуанышымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Көрермендерге қолдау көрсеткені үшін көп рақмет айтамын. Бұл жетістігіммен шектеліп қалмаймын. Жаңа белестерді бағындырамын деген үміттемін», – деді ол «Астана аруы-2019» конкурсы аяқталған соң.

Сондай-ақ «Астана аруы» қайда білім алып жатқанын айтып берді.

«Тәжім ауыр емес. Қазақ ұлттық өнер университетінің бірінші курс студентімін. Жоғары оқу орнында қобыз тартуды үйреніп жатырмын», – деп түйіндеді сөзін Айзада Хабиболлаева.

Айта кетейік, бүгін астанадағы «ҚазМедиа Холл» телерадиокешенінде «Астана аруы- 2019» конкурсының ақтық сайысы өтті. 19 ару бақ сынаған сұлулық байқауында 19 жастағы Айзада Хабиболлаева жеңіске жетті.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз