19 жасар алматылық қызды ағасының досы зорлаған
Алматы қаласында 19 жастағы қыз өзін ағасының досы зорлағанын айтты. Айуандық әрекет Алматы облысының Іле ауданында болған.
Жәбірленушінің сөзіне қарағанда, 35 жастағы ер адам оны үйіне дейін жеткізіп салуды ұсынған, бірақ оның орнына оны далаға апарып, зорлап тастапты. Енді алматылық бойжеткеннің туыстары оның жазадан құтылып кетуінен қорқады, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.
Айжан айтқандай, ол кешке жұмыстан қайтып келе жатқан. 35 жастағы ағасының досы, әдеттегідей оны жұмыстан көлігімен алып қайтқан. Кенеттен ол маршрутты өзгертіп, айдаладан бір-ақ шыққан. Көлігімде қоқыс бар, соны апарып, лақтырамын деген желеу айтқан. Осы арада ол қызды қорлап, зорлайды. Ер адам жуынуға кеткенде, Айжан шөптің арасына тығылып үлгереді. Сол жерден бірнеше сағаттан кейін туыстары оны тауып алды. Олардың айтуынша, қыз өте жаман жағдайда болған. Енді туыстар бұл оқиға туралы таныстары біліп қоя ма деп қорқады.
Оның есімі — Бекжан. Біздің отбасымыз оны бұрыннан біледі. Бастапқыда ол менің ұлыммен танысып, достасады. Ұлымды жұмысына апарып, одан соң үйге алып келіп жүрген. Кейінірек қызымды таси бастады. Біз оны мұндайға барады деп еш ойламадық. Қызыма жұмыстан оралғанша үнемі қоңырау шалып, жағдайын біліп отыратынмын. Сол күні ол телефонын көтермеді. Ол болған жағдай туралы ең бірінші ағасына хабарлады. Біз бірден жеттік, келсек, қызымыз жылап отыр, үсті-басы көгерген, — деді қыздың әкесі Мұхтар.
Осы оқиғадан кейін Айжан полицияға арыз жазды. Бірақ қыздың туыстары бұл істі тергеу кешеуілдеуі мүмкін деп қорқады.Олардың айтуынша, күдіктінің ағасы полицияда жұмыс істейді, ол қазірдің өзінде 1 миллион теңге ұсынған.
Мен несие алып, 1 миллион теңге беремін. Соны алсаң болды, ал органдағы мәселені «бірдеңе қылып шешемін өзім» деді. Әкесі қызын сатпайтынын айтты. Барлық туыстары аяққа жығылып келді. Бір апа болды. Олар оның отбасы бұзылып жатқанын, әйелі ажыраспақшы екенін айтты, — дейді жәбірленушінің туысы Айгүл.
Күдікті қазір бостандықта жүр. Алматы облысының полициясы қысқа пікірмен шектелді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, қылмыстық іс қозғалып, ерекше бақылауға алынды. Сараптама тағайындалды.
Зардап шеккен қыздың туыстары соңына дейін баруға ниетті. Қазір олар қылмыстың куәгерлерін іздеуде.