19 қызды алдап, ақшасын жымқырған «қытайлық Казанова» ұсталды — Қазақстан жаңалықтары
«Қытайлық Казанова» ретінде танылған жас жігіт бүкіл әлемге жаға ұстатты. Жергілікті құқық қорғау органдарының назарына түскен жігіт 2017 жылдан бастап 19 қызбен ақша үшін қарым-қатынаста болған деп хабарлайды Stan.kz.
Арам ойын 2017 жылдан бастап жүреге асыра бастаған Тан алғашында сусындар промоутері болып істеп жүрген. Уақыт өте келе жұмысынан шығып қалған ол жеңіл жолмен ақша табуды көздейді. Жылдам жолмен баюды көздеген жігіт ауқатты отбасынан шыққан қыздарды айналдыруды ойлайды. Ойланған іске асыру үшін қытайлық жігіт алдымен Instagram желісінде бизнес-аккаунт ашады. Парақшасына жүктеген суреттерде жалған бренд пен арзанқол аксессуарларды қойған. Көп ұзамай жұмыссыз жүрген қытайлық жігіт қыз іздеген «ақ боз атты ханзаданың» кейпіне енген.
2019 жылы Танның алдауына түскен қыздар саны 19-ға жеткен. Оларды кезекпен кездесуге шақырып, оларға өзінің табысты бизнесі туралы «ертегілер» айтып, білдіртпей ақша сұрап алып отырған. Қыздардың сеніміне кіру үшін Тан оларды «қымбат» сыйлықтармен анда-санда қуантып тұрған.
Қыздар ақша беруден бас тартқан кезде немесе бірдеңе күдіктен бастаған кезде Тан ізін суытып отырған. Уақыт өте келе «Қытайлық Казановның» үстінен қыздар полицияға шағымдана бастаған.
Оның алғашқы құрбаны Ван қарым-қатынас кезінде жігітіне бірнеше жүз мың юань (бір юань = шамамен 56 теңге ), сондай-ақ өзінің жеке көлігін уақытша пайдалануға бергенін айтқан. Бірақ ең қорқынышты, қарым-қатынас кезінде қыз Таннан жүкті болып үлгерген. Ал ол «парасатты және адал адам» ретінде аборттан бастартып, баланы тәрбиелеуге жан-жақты көмектесетінін айтып сендірген.
Көп ұзамай полицияға Ян текті қыздан шағым түседі. Анық болғандай жігітке 150 мың юань (шамамен 8,5 млн теңге) қарызға беріп, қайтарып ала алмаған. Ол қызға өзін жергілікті университетте аспирант болып жұмыс істейтініне сендіріп, бірақ өз бизнесін дамытуға қаржылай қолдауды қажет екенін айтып сендірген.
Күн өткен сайын жігіттің былығы ашылып, шағымдары көбейген. Әзірге бұл алаяқтықтың құрбаны 19 қыз екені белгілі. Қазір полиция қылмыстың ақ-қарасын анықтаумен айналысып жатыр. Жақын арада «Қытайлық Казанова» істеген қылмысы үшін Заң алдында жауап береді.
stan.kz