19 қыркүйекте қандай іс-шаралар өтеді

0

Sputnik Қазақстан агенттігі 19 қыркүйекте болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ 20-24 қыркүйекке не жоспарланғанын біле аласыз

19 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

«Қазақстандағы экспорттық әлеует» тақырыбында бірінші вебинар өтеді. Шараны «Атамекен» ҰКП жанындағы Қазақстанның сыртқы сауда палатасы ұйымдастырады. Онлайн-семинарда кәсіпкерлер мен мамандар өздерін толғандырған сауалға жауап таба алады. Семинарға қатысу тегін. Сондай-ақ оған қатысқан адамға арнайы сертификат беріледі. (Шараға тіркеу atameken.co/ru сайты және 8-771-975-19-84, 8-705-292-78-03 телефондары арқылы жүргізіледі).

16.00 – VI кәсіпкерлердің конференциясы өтеді. «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының басшылары, президиум мүшелері, ұлттық компания, кәсіпорындар, банк өкілдері мен кәсіпкерлер қатысады (St.Regis Astana қонақ үйі, Қабанбай Батыр көшесі, 1).

АЛМАТЫ

08.30 – K19: Kazakhstan Growth Forum бизнес-саммиті өтеді. Шараға Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысады. Сондай-ақ саммитте 2019 Country’s Best CEOs номинациясы бойынша тиімді жұмыс істеген компания басшылары марапатталып, Deal of the Year номинациясы бойынша 2019 жылдың үздің келісімінің жеңімпазы анықталады («Ритц-Карлтон» қонақ үйі, Әл-Фараби даңғылы, 77/7).

Жоғары білім мәселесіне арналған QS Worldwide-2019 саммиті өтеді. Жиынға Орталық Азия елдерінен келген академиктер, профессорлар қатысады (Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті).

20 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – ҚР ұлттық экономика министрлігінің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында интернет-конференция өтеді. Конференцияға қатысушылар «Дипломмен ауылға» бағдарламасын талқыға салады. Желі қолданушыларының сұрағына ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов жауап береді (конференция осы сілтеме бойынша көрсетіледі).

21 қыркүйекке жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

10.00 – #EXPOHOMSTERS жылжымайтын мүлік көрмесі өтеді. Шара 2 күнге жоспарланған. Оған құрылыс компаниялары мен банктер қатысады (Самал-2 шағын ауданы, «Достық Плаза» сауда орталығы).

22 қыркүйекке жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

09.00 – Developing Leadership Day атты XII білім беру форумы өтеді. Шарада түрлі тренинг пен мастер-кластар, әрі студенттер мен жоғары оқу орнын бітірген түлектер үшін бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылады (КИМЭП университеті, Абай көшесі, 4. Байланыс телефондары: +7 777 320-86-18).

23 қыркүйекке жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН

09.00 – «Орта Азия және Каспийдегі мұнай өңдеу және мұнай химиясы» тақырыбында 6-шы халықаралық конференция өтеді. Шараға Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Қырғызстанның мұнай өңдейтін және мұнай-газ химиясы саласындағы компаниялары мен инжиниринг және технология саласындағы халықаралық компаниялар қатысады (Отель Hilton қонақ үйі, Сауран көшесі, 46).

24 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Kazakhstan Energy Week 2019 аясында Digital Energy көрмесі өтеді (Конгресс орталық, Сауран көшесі, 44).

09.30 – Kazakhstan Energy Week 2019 аясында SPE: еңбек, өнеркәсіп пен қоршаған орта қауіпсіздігі және Каспий өңіріндегі әлеуметтік жауапкершілік тақырыбында симпозиум өтеді. Жиынды «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ұйымдастырады. Шараға экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қатысады (Конгресс орталық, Сауран көшесі, 44. kdunn@spe.org электронды пошта).

10.00 – Еуразия елдерінің парламенттері спикерлері IV кеңес өтеді. Шараға қатысуға Еуропа мен Азияның 60-тан астам делегациясы мен 16 халықаралық ұйымның өкілі қатысады (Тәуелсіздік сарайы, Тәуелсіздік даңғылы, 52. Аккредитация Bapakova@parlam.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі).
10.00 – Kazakhstan Energy Week 2019 аясында Kazenergy XI жастар форумы өтеді (Конгресс орталық, Сауран көшесі, 44).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz