19 қаңтарға ауа райы болжамы

0

Қазақстанның барлық аумағына атмосфералық фронттар әсер етеді, соған байланысты қар жауады, бірнеше облыста бұрқасындатады

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Қазгидромет төрт облыста дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

19 қаңтарда Ақмола облысында кей жерлерде тұман, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Қызылорда мен Қостанай облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болады деп болжанып отыр.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде оның күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Ертең ауа райы қандай болады?

Қазақстанның барлық аумағына дерлік солтүстік және оңтүстік циклондармен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді, соған байланысты қар жауады, оңтүстік-батыста және оңтүстікте жауын-шашын күтіледі. Оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республикамыздың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел күшейеді. Солтүстік және шығыста бұрқасындатады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с-ке күшейеді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда қыстың ортасында шөп көктеді

Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады, желдің күші — 15-20 м/с.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданыда жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Кызылорда, Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.



sputniknews.kz