19-21 қарашаға арналған ауа райы болжамы

0
106

Қазгидромет мамандар алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

«Елдің басым бөлігіне солтүстік-батыс антициклон әсерін тигізуді жалғастырады. Алайда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің кей жерінде қар жауады.

Орталығы Мурманск аймағында орналасқан циклон республиканың солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарына жылжиды. Сонымен байланысты ауа температурасы Қазақстан бойынша біртіндеп жоғарылайды», – дейді синоптиктер.