Артында үш баласы қалды. Алматыдағы №5 перзентханада әйел көз жұмды

0
2765
Сурет: TryJimmy

Алматыдағы 5-перзентханада әйел қайтыс болды. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Онлайн-брифингте Лаура Мырзагали босанған әйелдің өлімі туралы айтты.

«Келіншектің өлім фактісі 2 наурызда нөмірі 5-перзентханада тіркелді. Тергеу жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама аяқталғаннан кейін біз қорытынды шығарамыз», – деді бастықтың орынбасары.

Оған қоса, осыған дейін перзентханада жемқорлық фактілері тіркелгені туралы ақпарат тараған.

«Бізде сыбайлас жемқорлық дәлелдеріне қатысты мұндай ақпарат болған жоқ. Бірақ тергеу дәлелдесе, біз өз тарапымыздан шаралар қолданамыз», – деп жауап берді Лаура Мырзағали.

Еске салсақ, перзентханаға босануға барған келіншек көп ұзамай көз жұмды. Үшінші перзентін дүниеге әкелген әйел қансырап қалған. Алайда кенжесі анасының аялы алақынан да сезініп үлгермеген. Енді үш баласы жетім қалды. Туыстары дәрігерлерді кінәлауда.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету