18 жыл түрмеде отырған азамат бес адамнан тұратын отбасыны қырып салды
Хакасияда бес адамнан тұратын отбасы өлі табылды. Олардың барлығында пышақ жарақатының іздері болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Күдікті ретінде екі әйелді өлтіргені үшін 18 жыл бойы қамауда отырған жергілікті тұрғын ұсталды. Ол көктемде түрмеден шыққан екен.
Ресейдің тергеу комитетінің аймақтық басқармасының хабарлауынша, бейсенбіде Республиканың Ширин ауданындағы Джирим ауылында бес адамның өлімі туралы мәліметтер түскен. Олардың барлығының денелерінің әртүрлі бөлігінде пышақ жарақаты болғаны айтылған.
Кісі өлтірді деген күдікпен 1985 жылы туған аудан тұрғыны ұсталды.
«Ол жақында оралған болатын. Осы Жиримде анасы мен қызын пышақтап өлтіргені үшін 18 жылға түрмеге отырып келген. Енді, міне, екінші отбасын қырып салды. Оларды берекелі отбасы деуге келмейді, бірақ берекесізде дей алмаймын. Қарапайым ауылда тұратын жанұя», + дейді Ширин ауданының басшысы Сергей Зайцев.
36 жастағы жергілікті тұрғын бір айдан аз уақыт бостандықта жүрген. Бұған дейін анасы мен қызын өлтіріп, өртеп жібергені үшін 18 жылға бас бостандығынан айырылған.
Ол өлтірген бес адамның арасында 20 жастағы жігіт пен 7 жастағы бала болған.
Сол жердегі жергілікті тұрғындар көліктерімен күдіктіні қағып, ұстап алған.
Ер адам ашуланшақ және көктем мен күзде қозатын шизофрениямен ауырған. Бәрі сескеніп жүрген көрінеді. Сол күні мас болған, бірақ бәріне ішуден қорқатынын айтыпты.
Ұсталған кезде өзін-өзі өлтірмек болған оны полиция тез келгендіктен құтқарып қалған.
РФ Қылмыстық Кодексінің 105 бабы “екі немесе одан да көп адам өлтіру, оның ішінде жас баланы өлтіру” ісі бойынша іс қозғалды.