18 жасар қызды аяусыз өлтірген күдіктілер ұсталды

0

Қылмыс Қонаевта 15 наурызға қараған түні болған, деп хабарлайды Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

2001 және 2003 жылы туған екі күдікті Алматы облысында ұсталды.

«Тергеу барысында кісі өлтірген екі күдікті болғаны және олар қамауға алынғаны сенімді түрде анықталды. Сотқа дейінгі тергеу барысы туралы өзге де ақпарат тергеу мүддесінде жария етілуге жатпайды», — деп Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Аленов мәлімдеді.

Қыздың денесі 21 наурызда табылды. Марқұмның әпкесі қыздың денесінде зорлық-зомбылықтың іздері болғанын айтты.

«Олар оның телефонын алып, оның атына несие алып, оны қаладан шығарып, оны аяусыз ұрып-соғып, Бақанас бағытындағы жолда өлтірген», — деп #Немолчикз қоры хабарлады .