18 рет пышақ салған: Оралда тұрғыны әйелін өлтірді деген күдікке ілінді

0
48
© Sputnik

Оралда полицейлер әйелін өлтірген күдіктіні ұстады.

Полицияның мәліметінше, қайғылы оқиға 19 сәуірде болған. Әйел Урдинская көшесіндегі МТБК зауытының маңында бірнеше пышақ жарақатын алған.

«Орал аумағында аса ауыр қылмыс жасалды. 1991 жылы туған күдікті ұсталды. Қылмыстық кодекстің 99 – бабының 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады Орал полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұрлан Бисенов.

Жәбірленуші ауруханада қаза болды. Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, әйелге 18 рет пышақ тыққан.

«Қалалық көпсалалы ауруханаға пышақ жарақаттарын алған отыз жастағы әйел жеткізілді. Ол алған жарақаттарынан аурухана көз жұмды», – деді ведомствода.

Күдікті қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде жұмыс істегені атап өтілді.

«Ұсталған азамат бізде екі айға жуық жұмыс істеді. Ол қайғылы оқиғадан бірнеше күн бұрын жұмыстан кетті», – деді бөлім басшысы Жандос Дүйсенғалиев.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету