18 қаңтардағы ауа райы: күшті жел мен жауын-шашын
18 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауып, ауа райы құбылмалы болады. Өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, бұрқасын соғады.
Түркістан облысында тұман түсіп, желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді. Алматы облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, жел екпіні секундына 17-22 метрге дейін күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, 23 м/с жел соғады.
Шығыс Қазақстан, Ақмола, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында да тұман түседі, жел күшейеді. Жамбыл облысында тұман түседі, күндіз екпіні секундына 23 метрге жететін жел соғады. Батыс Қазақстан, Атырау, Актөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарында тұман түседі, Атырау облысында көктайғақ болады.
Астанада 7 градус аяз, Алматыда 5 градус жылы, Шымкентте 13 градус жылы болады. Жамбыл, Түркістан облыстарындағы өзен-көлдерде және Сырдарияның Қызылорда облысындағы тұсында су деңгейі көтеріледі.
Дереккөз: Baribar.kz