18, 19, 20 қаңтарда ауа райы қандай болады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

10 0 0

Қазгидромет 18-20 қаңтардағы ауа райына болжам жасады, солтүстік пен шығыста қар жауып, бұрқасындатады

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, алдағы демалыс күндері күн жылы болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Атлантикадан ауа массаларының ығысуына байланысты алдағы демалыс күндері Қазақстанда жылы ауа райы сақталады. Ауа температурасы солтүстік жартысында климаттық нормадан 5…10°С-қа жоғары, оңтүстікте нормаға жуық және  2…4°С-қа жоғары болады», — деп мәлімдеді Қазгидрометтен.

Синоптиктердің болжамынша, республика арқылы өтетін атмосфералық ағымдардың әсерінен солтүстік және шығыс облыстарда бұрқасындатып, қар жауады, оңтүстік өңірлерде жабысқақ қар жауады.

Күндіз ауа температурасы 0, -8°С, оңтүстікте +3…-5°С шамасында болғандықтан, Қазақстан аумағының басым бөлігінде көктайғақ және көру қашықтығы 500 метрден төмен тұман сақталады.

Ірі мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтан

  • 18 қаңтарда күн бұлыңғыр, қар жауады. Түнде -3℃, күндіз -4℃.
  • 19 қаңтарда күн бұлтты, аздаған қар жауады. Түнде -7℃, күндіз -3℃.
  • 20 қаңтарда да күн бұлыңғыр, аздаған қар жауады. Түнде -15℃, күндіз -7℃.

Тағы оқыңыз: 2020 жылы паспорт пен жүргізуші куәлігін алу қанша тұратыны белгілі болды

Алматы

  • 18 қаңтарда күн ашық. Түнде -6℃, күндіз -1℃.
  • 19 қаңтарда күн ашық. Түнде -9℃, күндіз -3℃.
  • 20 қаңтарда күн бұлтты, аздаған қар жауады. Түнде +2℃, күндіз -1℃.

Шымкент

  • 18 қаңтарда күн ашық. Түнде -7℃, күндіз +3℃.
  • 19 қаңтарда күн бұлыңғыр. Түнде -6℃, күндіз +4℃.
  • 20 қаңтарда күн бұлтты, қар аралас жаңбыр жауады. Түнде -1℃, күндіз +1℃.



sputniknews.kz