18, 19, 20 мамырға арналған ауа райы болжамы
Қысқа сілтеме алу
«Қазгидромет» РМК 18-20 мамырдағы ауа райына болжам ұсынды
НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Алдағы демалыс күндері республиканың басым аумағында жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Қазгидромет» РМК болжамынша, 17-20 мамыр аралығында Қазақстанға суық және ылғалды ауа массалары ығысады. Соның әсерінен алдағы демалыс күндері республиканың басым аумағында жаңбыр жауып, ауа температурасы түседі.
Синоптиктер алдағы жарты жылға болжам жасады
«Ертең оңтүстікте, ал жексенбі күні оңтүстік-шығыста, дүйсенбіде солтүстік пен орталықта кей жерлерде қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Ресейдің еуропалық бөлігінен елдің батысына антициклон ығысатындықтан, бұл аймақтарда жауын-шашын тоқтайды. Бірақ солтүстік тропосфералық ағындардың әсерінен ауа температурасы төмендейді», — делінген хабарламада.
«Болжамдар нақты емес»: Қазгидромет директоры синоптиктерге айтылған сынға жауап берді
Ірі мегаполистердегі ауа райы
Нұр-Сұлтан
- 18 мамырда күн бұлттанып, аздаған жаңбыр жауады. Түнде +14, ал күндіз + 16 градус жылы болады;
- 19 мамырда күн ала бұлтты, түнде +8, күндіз +17 градус;
- 20 мамырда күн бұлтты, сынап бағанасы түнде +10, күндіз +15 градусты көрсетеді.
Алматы
- 18 мамырда күн ала бұлтты, түнде +11, күндіз +20 градус;
- 19 мамырда да күн ала бұлтты, аздаған жаңбыр жауады, түнде +13, күндіз +20 градус;
- 20 мамырда күн ашық, түнде +14, күндіз +22 градус жылы болады.
Шымкент
- 18 мамырда күн бұлттанып, аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Түнде +18, күндіз +23 градус;
- 19 мамырда да аздаған жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Түнде +17, күндіз +22 градус жылы;
- 20 мамырда күн ашық, түнде +16, күндіз +28 градус ыстық.
sputniknews.kz