17 жыл бойы құлдықта болған Назгүл мен Құндыз адам танымастай өзгерді (ФОТО)
Түркістан облысында құлдықта болған апалы-сіңлі қыздардың қазіргі жағдайын журналист Руслан Өтепбай көрсетті. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, журналист апалы-сіңлі Құндыз және Назгүлмен бірге фотосессия ұйымдастырған.
«Бізге келгенде қыздар қандай еді? Бір жылда қалай өзгерді? Құндыз бен Назгүлдің өзгерісіне баға беріп жіберіңіздерші. Күтім мен жылықабақ болса, жайқалмайтын қыз жоқ бұл әлемде…» – деп жазды тележүргізуші.
Желі қолданушылары бойжеткеннің адам танымастай өзгеріп кеткендерін жарыса жазып жатыр.
“Екеуі әдеміленіп кетіпті. Сыныптас қыздарына көп рақмет. Ол қыздар болмағанда әлі де мал бағып жүрер еді, жеңгесіне де керегі сол еді. Русланға алғыс айтамыз. Жетімдерді жылатпауымыз керек. Сұлу болып кеткен қыздар», – деп жазды желідегі оқырман. Айта кетейік, Түркістан облысында 17 жыл құлдықта болған қыздардың ағасы мен жеңгесінің үстінен қылмыстық іс қозғалған еді.