17, 18, 19 наурызға арналған ауа райы болжамы

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

9 0 0

«Қазгидромет» синоптиктері 17-19 наурыз аралығындағы ауа райына болжам жасады, күн суытады деп болжанып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде ауа температурасы төмендейді, тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазгидромет ақпаратынша, атмосфералық ағымдардың өтуімен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын, солтүстікте жел күшейеді деп күтілуде. Ал елдің шығысында оңтүстік-батыс тропосфералық ағындарының әсерінен ауа температурасы жоғарылайды.

«Алайда артынша ығысатын суық антициклоннан, алдымен, республиканың батысында, кейін Қазақстанның қалған аймағында ауа температурасы біртіндеп төмендейді. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ байқалады», — деп болжады синоптиктер.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтан

  • 17 наурызда күн ашық, түнде +1°C, күндіз +5°C.
  • 18 наурызда да күн ашық, түнде -5°C, күндіз +2°C.
  • 19 наурызда ауа райы жауын-шашынсыз, түнде -7°C, күндіз +2°C.

Тағы оқыңыз: Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Алматы

  • 17 наурызда күн ашық, түнде +12°C, күндіз +20°C.
  • 18 наурызда да күн бұлыңғыр, түнде +11°C, күндіз +16°C.
  • 19 наурызда күн бұлтты, аздаған жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды. Түнде +11°C, күндіз +15°C.

Шымкент

  • 17 наурызда күн бұлтты, түнде +11°C, күндіз +23°C.
  • 18 наурызда да күн бұлыңғыр, түнде +11°C, күндіз +20°C.
  • 19 наурызда аздаған жаңбыр жауады, түнде +11°C, күндіз +20°C.



sputniknews.kz