160 елдегі 750 млн адам Қазақстан туралы ақпаратты қалай алады?

0
10 Желтоқсан 2018, 12:52 393 0

Астана, BAQ.KZ. Роликті Kazakh Tourism ұлттық компаниясы Қазақстанға туристерді тарту үшін түсірген. Әйтсе де, ресейлік әлеуметтік желі сегментінде желтоқсанның басында талқыға түскен.

2018 жылдың қыркүйегінде Euronews арнасы көрсетуді бастап кеткен және ВВС-мен келіссөздер жүргізілген. Бұл туралы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов ОКҚ өткен брифингте айтқан болатын.

«Мен бірнеше жылдан бері шетелде біздің елімізді танытқан осындай өнімді көрмедім. Сондықтан қазір біз Euronews және BBC-мен келіссөз жүргізіп жатырмыз», — деген болатын.

Euronews-қа шыққанын қоса есептегенде, роликтің бюджеті 300 мың доллар. Бұл арнада прайм-таймды қосып, оны күніне үш рет көрсету керек болатын. Сонымен қатар, 2018 жылдың соңына дейін әлемнің 160 елінде 750 миллион адамды қамтитындай 238 рет көрсетілуі тиіс еді. Бұл туралы Kazakh Tourism басшысы Рашид Күзембаев айтып берді.

Бұдан басқа, Kazakh Tourism келісімшарты аясында Euronews Қазақстан туралы сити-тур секілді бөлек бағдарламалар шығару керек болатын.

«Adventures – Қазақстанға қызықты саяхат туралы бағдарлама 30 тамызда көрсетіле бастады. Бүгінге дейін төрт эпизодтың екеуі – Шымбұлақтағы белсенді демалыс және Бурабайда бүркітпен аңға шығу, жылқымен серуендеу туралы шықты. City Tour бағдарламасы аясында тамыздың 24-29 аралығында Алматы мен Алматы облысы туралы, 20-25 қыркүйек аралығында Астана мен Бурабай туралы, 27 қыркүйектен бастап 2 қазанға дейін Шымкент пен Түркістан облысы туралы эпизодтар таныстырылды. Әр роликтің хронометражы – 25 секунд. Барлығы – 60 көрсетілім.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ