16 жыл бұрын қайтыс болған адам Nur Otan-ға «дауыс берген»

0

Журналист, блогер, қоғамдық белсенді Дәулет Мұқаев өзінің инстаграм парақшасына 16 жыл бұрын қайтыс болған ағасының «Нұр Отанға» дауыс бергендер тізімінде жүргені жайлы хатты жариялады.

«Дүниеден өткеніне 16 жыл болған көкеміз бүгін нұр отанға дауыс берген списокада тұр, масқара. Түркістан облысы, Шорнақ елді мекенінде болған жағдай» делінген хатта.