16 желтоқсан – Желтоқсан оқиғасын еске алу күні ретінде аталып өтілетін болды
«Енді салтанатты іс — шаралар 25 қазанда, ал 16 желтоқсанда Желтоқсан оқиғасын еске алу күні ретінде өткізілетін болады», — деді Абаев.
Оның айтуынша, мереке Тұжырымдамасы дайындалады, егер заң қабылданып, президент қол қойса, онда 25 қазан демалыс күні болады.
«Ол ұлттық мәртебеге ие болады. Сондықтан демалыс күні болады. Биыл, ең алдымен, үлгеру керек», — деді министр.
Айта кетейік, депутаттар 25 қазанды қайта Республика күні деп өзгерту туралы ұсынысты мақұлдады.