16 жастағы жасөспірім анасын іздеп табу үшін елордаға қашып кетті

0

16 жастағы бала әкесіне хабар бермей, Нұр-Сұлтанда тұратын анасына кетіп қалған

НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде – Sputnik. Түркістан облысында жоғалып кеткен 16 жастағы жасөспірім табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баланың әкесі Мақтарал аудандық полиция бөліміне арызданған. Полицейлер анықтағандай, жасөспірім анасын іздеп елордаға кетіп қалыпты.

Жасөспірімнің ата-анасы екі жыл бұрын айырылысып кеткен. Бала осы уақыт бойы әкесімен бірге тұрған, ал анасы Нұр-Сұлтан қаласында екен.

Тағы оқыңыз: Үйлену тойына үш күн қалғанда күйеу жігіт ізім-ғайым жоғалып кетті

Алайда жоғалған жасөспірім анасына баратынын әкесіне ескертпеген.

Криминалды полицияның қызметкерлері жасөспірімді үйіне қайтарды.



sputniknews.kz