16 сәуірде қандай шаралар болады

0
14

Sputnik Қазақстан 16 сәуірде болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 17-19 сәуір аралығында не жоспарланғанын біле аласыз (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты 16 наурыздан бастап көп адам қатысатын барлық шараға уақытша тыйым салынды. Алматы мен астана және бірқатар өңірлер карантинге жабылды. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың отырыстары онлайн-режимге көшті. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар жайлы хабардар етеміз.

16 сәуірге жоспарланған шаралар

12.00 – Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының «Шығармашылық карантин» айдары. Антон Чеховтың әңгімелерін Татьяна Степанова мен Айжұлдыз Бағланова оқиды.

19.00 – «Астана Опера» театры сахналайтын «Абай» операсы. Tengrinews.kz/tv/ каналында онлайн-трансляция жасалады.

18 сәуірге жоспарланған шаралар

12.00 – Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының «Шығармашылық карантин» айдары. «Волшебное кольцо» ертегісін театр актері Әлқуат Төлеметов оқиды (Трансляция театрдың @gorkytheatre_ns инстаграм парақшасында).

18.00 – Актер Владимир Иваненконы еске алу кеші (Трансляция Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының Youtube-каналында).

19 сәуірге жоспарланған шаралар

14.00 – Пасха мерекесіне арналған концерт (Трансляция Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының Youtube-каналында).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz