16 қарашада ауа райы қандай болады?
“Қазгидромет” РМК хабарлауынша, 16 қарашада антициклон сілемі әсерінен республика аумағының басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады, фронтал бөліктердің өтуіне байланысты солтүстікте аздаған қар жауады. Кей жерлерде тұман түседі, екпінді жел соғады, солтүсікте жаяу бұрқасын соғуы мүмкін.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Жамбыл және Түркістан облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғады.
Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында да жел күшейеді. Алматы облысының Жалаңашкөл көлі ауданында жел екпініне секундына 17-22 метрге дейін жетеді. Қызылорда облысында желдің күшейетініне байланысты ескерту жарияланды.
Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!