16 қаңтарға ауа райы болжамы: көктайғақ, жел, тұман
Тұман, көктайғақ және қатты желге байланысты үш облыста дабылды ескерту жарияланды
АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның басым аумағында ауа райы жауын-шашынды, құбылмалы болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасындатады, жел күшейеді.
Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, көктайғақ болады, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-23 м/с күшейеді.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді.
Үш облыста дабылды ескерту жарияланды
16-17 қаңтарда Маңғыстау облысында кей жерлерде жел 15-20, екпіні 25 м/с дейін күшейеді.
16 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, түнде солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
16-18 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, 16 қаңтарда кей жерлерде көктайғақ болады.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/