150 теңге үшін: Жетігенде жүргізушінің қабырғасын сындырып, ақшасын алып кеткен (видео)

0

Алматы облысы Жетіген станциясында автобус жүргізушісін 150 теңгеге бола ұрып тастады.

Оқиға туралы Бақытжан Рысбаев Facebook желісінде баяндады.

«Жетіген ауылында бірнеше азамат №220 маршруттың жүргізушісін ұрып тастады. Жүргізушіні соққыға жығып, қабырғасын сындырған, сондай-ақ, барлық ақшасын алып кеткен», — деп жазды Бақытжан Рысбаев.

Автордың айтуынша, аталған фактіге қатысты полиция шарасыздық танытып отыр. Мұнымен қатар, оқиғаның небәрі 150 теңге үшін болғаны айтылған.

«Бей-жай қарамауларыңызды сұраймын!», — деп қосты автор.
По словам автора, полиция показывает беспомощность в поиске виновных.

Отмечается, что весь инцидент произошел из-за 150 тенге.

«Неравнодушным очевидцам просим откликнуться!» — добавил автор.