Home Жаңалықтар 15 жастағы жасөспірімнің сұмдық қылмысы ашылды

15 жастағы жасөспірімнің сұмдық қылмысы ашылды

0
5

Полиция қызметкерлері он бес жастағы жасөспірімді ұстады, оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Ресейдің Мурманск облысы Кандалакша қаласында 15 жастағы жасөспірім 11 жасар баланы өлтірмек болып қарға көміп кеткен.

Жантүршігерлік оқиға 21 ақпанда болды, деп хабарлайды Ресейдің тергеу комитеті өңірлік басқармасының сайты.

15 жастағы жергілікті тұрғын баланы ұрып-соғып, буындырмақ болған. Бала есінен танғаннан кейін оны қарға көміп кеткен.

Зардап шеккен баланы ересектер құтқарды. Қазір ол ауруханада, өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Тағы оқыңыз: Қызылордалық әйелдің күйеуіне жасаған қулық-сұмдығы әшкере болды

Ал қылмыс жасаған жасөспірім ұсталды. Оған адам өлтіруге оқталды деген айып тағылып отыр.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.



sputniknews.kz